Қаржы
1 мин оқу 250

Доллар мен мұнай арзандап барады

<div class="description" style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,42 теңгеге төмендеп, 446,49 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Доллар мен мұнай арзандап барады

Ұлттық банк еуро бағамын 481,55 теңгеге, рубльді 4,85 теңгеге белгіледі.

Дәл қазір ақша айырбастау орындарында доллар 446,3 - 448,1 теңгеге, еуро 482 - 486 теңгеге, ресей рублі 4,75 - 4,87 теңгеге сатылып жатыр.

Сондай-ақ бүгінгі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы біршама төмендеді.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,32%-ға арзандап, барреліне $89,06 құрады.

Ал NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,34%-ға төмендеп, барреліне 85,14 долларды құрады.

Бөлісу:
Доллар мен мұнай арзандап барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар