Құтқарушы
1 мин оқу 160

Алты түйені судан алып шықты

<p style="text-align: justify;">Тасыған су талай малды құрбан еткенін естіп-біліп отырмыз. Осын&shy;дай оқиға Ақмола өңірінде де тіркелді. Қосшы қаласына қарасты Тайтөбе аулында ақмолалық құтқарушылар 6 түйені судан құтқарды.</p>

Алты түйені судан алып шықты

Еріген қар суы басқан кезде түйелер дала­да жайылып жүрген екен. Судан қорық­қан жануарлар орнынан қозғала алмай қалған. Сөйтіп, түйелерді құтқаруға ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов бастаған құтқарушылар тобы жетті.

«30 жылдық тәжірибемде түйелерді алғаш рет құтқарып тұрмын. Жануарлар жүзе алмайды, судың тереңдігі – шамамен бір метр. Біз оларды бірден құрғаққа шығар­дық», деп атап өтті Е.Молдаханов.

Бөлісу:
Алты түйені судан алып шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар