Музей
2 мин оқу 230

Ұйғыр театрындағы айрықша музей

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Қ.Қожамияров атын&shy;дағы Республикалық мемлекеттік ака&shy;де&shy;&shy;миялық ұйғыр музыкалық комедия&shy; театры&shy;на биыл 90 жыл толады. Кө&shy;рер&shy;менге ізгілік идеясын арқау еткен туын&shy;дыларын ұсынып келе жат&shy;&shy;қан театр ға&shy;сырға жуық уақыт ішінде қанатының астына бірнеше шы&shy;&shy;ғармашылық топты шоғырландыра отырып, драма, ән, би секілді өнер&shy;&shy;&shy;дің әр саласын биік деңгейде өркендеткен белсенді шеберханаға айналды.</p>

Ұйғыр театрындағы айрықша музей

Елімізді мекендеген барлық этнос­тың өнерін дәріптеуге ден қойған театр ұлтаралық келісімді негізге ала отырып, халықты толғандыратын өзекті мәселеге мән беріп, өнер тілімен сурет­теп келеді. Тарихын өткен ғасыр­­дың 30-жылдарынан тарқататын ұйғыр музы­­калық комедия театры төл рухания­ты­­­ның көр­кем шежірешісі ғана емес, ел өнерінің бір бөлшегі ретінде мә­дениеттерді жақындастыруға өз үлесін қосып келеді. Биыл аталып өтетін тоқсан жылдық торқалы тойына да тиянақты дайындалып, жақында театр тарихынан сыр шертетін өз музейін жасақтады.

Театр шежіресін жинақтаған му­зей­дің ашылу салтанатында алғашқы ақжарма тілегін білдірген театрдың басшысы, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Дилмурат Бахаров, бел­гілі сахна майталманы, Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі Рихангуль Махпи­рова мен М.Әуезов атындағы Ұлт­тық драма театрының директоры Еркін Жуасбек өнер тарихындағы айтулы оқи­ғаның театр ұжымдары арасын­да­ғы байланыстың нығаюына себепкер болатынын атап өтті. Қызыл лентаны қию рәсіміндегі құттықтаудың келесі легін Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері Алымжан Айсаев пен Т.Жүргенов атындағы ұлттық Өнер академиясының профессоры Аман Бекенұлы жалғады. Театр тарихындағы маңызы зор ша­ра­­ға арнайы шақырылған қонақтар музей­ді тамашалап, оларға театрдың әде­биет бөлімінің меңгерушісі Гулбахар Насирова сахна өнерінің қалыптасуы мен дамуына еңбек сіңірген ұйғыр хал­қының талантты ұл-қыздары туралы әңгімелеп берді. 1934 жылы құрылған театр, ғимараттың сыртқы бейнесі, репертуардағы қойылымдар, сол кез­дегі актерлердің суреттері мен сахналық костюмдері, бутафориялық бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ театр есімін иеленген КСРО Ха­лық әртісі Құдыс Қожамияровтың өмірі мен шығармашылығына арналған бұ­рыш ашылып, әйгілі композитордың пай­даланған жеке бұйымдары мен жазбалары қойылды. Бұдан әрі меймандар Кіші зал мен жас суретшілердің шығармалары қойылған «Дүние-арт» галереясын тамашалады. Мереке соңы театр әртістері әзірлеген думанды кешпен түйінделді.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Ұйғыр театрындағы айрықша музей · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар