Аймақтар
1 мин оқу 140

Сабаққа америкалық автобуспен барады

<p style="text-align: justify;">Еліміздің өзге өңірлерінде бұрынырақ қолданысқа берілген америкалық стильдегі мектеп автобустары Маңғыстауға да жетті. Олар Маңғыстау ауданындағы Берекет Жұма&shy;лиев атындағы, Мекерия Атымов атындағы мектеп&shy;терге, Шет&shy;педегі № 7 мектеп-лицейге және Сай-Өтес аулының оқу орындарына берілді.</p>

Сабаққа америкалық автобуспен барады

Бүгінге дейін қоғамдық көлік­тер арқылы мектепке қатынап келген Шетпе ауылында 4 289 оқушының 559-ы, Сай-Өтес ау­лында оқу орындарындағы 479 оқу­шының 175-і енді өз көлік­те­рі­мен баратын болды.

Заман талабына сай жарақ­тан­­дырылған жарық әрі жайлы, жанармай багінің өртке қарсы функ­циясымен, жүргізушіге арнал­ған айналаны шолу жүйе­сімен және қауіпсіздік белдік­те­рімен қамтылған көліктер оқу­шылардың қауіпсіз әрі ың­ғай­лы тасымалын жүзеге асырады деген сенім бар. Полиция қызметкерлері қарқынды жол қозғалысы жағдайында сары түсті автобустардың көзге бірден түсуінің маңызын айтады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «орта білім беру сапасы – табысты ұлттың тағы бір шарты. Әр оқушының жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалуы керек» деген еді. Осы­ған байланысты ауданның бі­лім са­ла­сында үлкен жұмыс жүр­­гізіліп жатыр. Мектептің мате­риалдық-техникалық базасы «Қазақстан халқына» қол­дау қорының қаражатымен то­лы­ғымен жаңартылды. Біз оқу­шыларды тасымалдауға жаңа авто­бустарды табыстадық. Игі істер жалғасатын болады», деді Маң­ғыстау ауданының әкімі Ғалым­жан Ниязов.

Аудан әкімінің айтуынша, биыл сегіз және бес балабақша жөн­деледі. Маңғыстау ауданы бо­йынша 22 мектеп мыңнан астам парта, STEM зертханалар, робот­техника, информатика каби­нет­теріне арналған жабдықтар сатып алынып, 19 мектепте технология кабинеттері жабдықталады.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Сабаққа америкалық автобуспен барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар