Қоғам
2 мин оқу 180

Қолжетімді әлеуметтік қызмет

<p style="text-align: justify;">Арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 2,2 мыңнан астам азамат қызмет көрсету үдерістерін цифрландыру жөніндегі қанатқақты жобаға тартылды. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қолжетімді әлеуметтік қызмет

Қарағанды облысында арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында қанатқақты режімде 10 стационарлық үлгідегі арнаулы қызметтер көрсету орта­лығының базасында жұмыс үде­рістері цифрландырылып жатыр. Жоба аясында 2 258 арнаулы қызмет алушының медициналық карталары цифрландырылып, көптеген жұмыс үдерісі автоматтандырылды.

Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау, Денсаулық сақтау ми­нистрліктері мен Қарағанды облы­сының әкімдігі арасында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орта­лықтарының қыз­метін транс­формациялау бойын­ша ынты­мақтастық туралы меморандум жасалды.

Саланың ақпаратына сүйен­сек, бүгінгі таңда өңірдің 10 орта­лығынан 358 қызметкер «Социум» ақпараттық жүйесіне қосылған. Онда электрондық форматта 2 258 арнаулы әлеу­мет­тік қызмет алушыларды тіркеу­ден, алғашқы тексеруден бас­тап көрсетілген қызметтер мен алынған дәрі-дәрмектерге дейін жүргізу жүзеге асырылмақ.

«Қанатқақты жоба арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінде тәуекелдерді дәлірек басқаруға арналған құралдарды ұсынады. Цифрландыру көрсе­тілетін қызметтердің сапасын және алушылардың қанағаттану деңгейін арттыруға ықпал ете­ді. Бұл жобаның басты жетістік­терінің бірі – атаулылықты қам­та­масыз ету», дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау ми­нистрлігі Әлеуметтік қызмет­тер департаментінің директоры Сырым Нәси.

Орталықтардың қызметін цифрландыру әлеуметтік қызмет­тер көрсету саласындағы барлық рәсімнің, стандарт пен талаптың орындалуын автоматты түрде ба­қылауға және құжаттауға мүм­­кіндік береді. Бұл ұлттық заңна­маны қатаң сақтауға, сондай-ақ бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Бүгінгі күнде облыс дең­гейінде жұмыс үдерісін, мате­риал­дық-техникалық ресурстармен қамта­масыз етілуін, төсектік орындардың толымдылығын, кадр­лармен қамтамасыз етілуін және олардың біліктілік деңгейін, ведом­стволық бағынысты меке­ме­лердің шығын­дарын мониторингтеу мүмкіндігі бар.

Жоба біраз нәтижеге қол жет­кізіп те үлгерді. Мә­се­лен, құжаттаманы толтыру уақы­ты қысқартылған, бар­лық құжат­тама электрондық фор­мат­қа ауыс­тырылған, дәрілік зат­тар­дың дербестендірілген есебі және оңалтудың жеке бағдар­лама­сының орындалуын бақылау қам­тамасыз етіліп, алғашқы ме­дици­налық-санитарлық көмек­ке және облыс стационарларына электрондық тағайындау жүзеге асырылып жатыр.

Жалпы, бұл жоба орталық­тардың жұмысын жақсартып қана қоймай, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің қол­жетімділігін арттыра түспек.

Бөлісу:
Қолжетімді әлеуметтік қызмет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар