Қазақстан
1 мин оқу 221
Су тасқынына байланысты бірнеше жол жабылды
<p style="text-align: justify;">5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған.
Бөлісу: