Аймақтар
1 мин оқу 220

Су тасқыны: Талапкер ауылында қауіп сейілді

<p style="text-align: justify;">Бүгін таңда Целиноград ауданының Талапкер ауылындағы тасқын суға қатысты жағдай тұрақталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Су тасқыны: Талапкер ауылында қауіп сейілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазір жасанды канал нығайтылды. Су басқан 26 тұрғын үйдің ішінен 20 аумақтан су сорылды. Қазір 6 ауладан су айдау жұмыстары жалғасып жатыр.

«Жеке тұрғын үйлерді су басуға жол берілмейді. Ақмола облысы, Астана қаласы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ әскери қызметшілері құрамынан 116 адам, 40-тан астам бірлік техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Су тасқыны: Талапкер ауылында қауіп сейілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар