Спорт
1 мин оқу 180
Grand Prix-2024: Ерғали Шәмей қола медаль жеңіп алды
<p style="text-align: justify;">Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында елордалық спортшы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz </a>Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Қазақстан пара дзюдо федерациясы мәлім еткендей, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті.
Ол – ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі.
Айта кетсек, аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.
Бөлісу: