Аймақтар
1 мин оқу 210

Құлсары қаласында егіз ұл өмірге келді

<p style="text-align: justify;">Жем өзенінің тасқын суы басқан Құлсары қаласында егіз ұл дүниеге келді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құлсары қаласында егіз ұл өмірге келді

Атырау облысы әкімдігінің ақпаратына қарағанда, нәрестелердің анасы Құлсары қаласындағы орталық ауруханасында босанған. Алайда, нәрестелер қауіпсіздік үшін жедел жәрдем көлігімен Маңғыстау облысындағы Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.

«Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. Егіз ұл – жас отбасының төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы – 52 см. Екеуінің салмағы бірдей емес. Біреуінің салмағы – 3500, екіншісінің салмағы – 3350 грамм», деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Бөлісу:
Құлсары қаласында егіз ұл өмірге келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар