Рудныйда 163 адам эвакуацияланды

Рудный қаласының Речной, Южный көшелерінен және қалаға қарасты Перцев ауылынан 163 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғындардың көбі қауіптің беті қайтқанша туыс-туғандарының үйін паналай тұруды жөн көрген. 5 адам эвакуация пунктіне орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазір қалада 4 эвакуациялық орталық бар. Рудный индустриялық университетінің, Тау-кен технологиясы және әлеуметтік-гуманитарлық колледждерінің жатақханаларындағы төсек-орын саны 169-ға дейін көбейтілді. Ал су тасқынынан зиян шеккен тұрғындардың дүние-мүлкі «Рудный су арнасы» серіктестігінің гаражына көшіріледі», деп мәлімдеді қалалық штаб өкілдері.
Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және нысанадағы учаскелерді патрульдеу жұмыстарына 341 адам жұмылдырылған. Олардың 130-дан астамы – еріктілер жасағы. Резервте тағы 200 адам тұр. Қауіптің алдын алу жұмыстарына ұзын-ырғасы 36 техника тартылған.
Қазір қауіпті жерлерге инертті материалдар әкелініп, Перцев ауылы айналасындағы дамбының ернеуі бекітіліп жатыр.
Су басу қаупі бар елді мекендердің 227 бас малы «Позняков» шаруа қожалығының жайылымына айдалды. Әзірге, су кірген үй-жай, қора-қопсы жоқ.