Бүгін қай өңірлерде жаңбыр жауады?
<p style="text-align: justify;">Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова атап өткендей, республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оның айтуынша, түнгі уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қарға ауысатын жаңбыр болады. Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
«Күндіз ауа температурасы елдің батысы мен шығысында 13-20 градус, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 7-15 градус, орталығында 12-17 градус, елдің оңтүстігінде 20-25 градус, республиканың оңтүстік-шығысында 17-22 градус жылы болады деп күтіліп отыр», деді спикер ОКҚ алаңында.