Қоғам
1 мин оқу 233

Жаңаөзеннің арнайы жасақталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды

<p style="text-align: justify;">Құлсары қаласында болған су басулардың салдарын жою мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен арнайы техникамен жабдықталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жаңаөзеннің арнайы жасақталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды

Көмек бригадасының құрамында 30-ға жуық техника және 60-тай адамдар бар. Сонымен қатар, арнайы жасақ азық-түлік, құрал-саймандармен толық жабдықталған.

Айта кетейік, арнайы техникамен қамтамасыз еткен ұйымдар қатарында «Өзенмұнайгаз», «KazPetroDrilling» АҚ, «Бұрғылау», «МұнайФилдСервис», «Өзенмұнайсервис», «ҚазГӨЗ», «Кен-Құрылыс Сервис» ЖШС және «Өзенжылу», «Өзенинвест», «Өзенэнергосервис» МКК бар.

Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер және еріктілер де өз үлестерін қосып жатыр.

Бөлісу:
Жаңаөзеннің арнайы жасақталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар