Энергетика
1 мин оқу 193

Жанар-жағармай тапшылығының алдын алу шарасы

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр&shy;дің бірінші орынбасары Р.Скляр&shy;&shy;дың төраға&shy;лығы&shy;мен ішкі нарықты ж&shy;анар-жа&shy;ғар&shy;маймен (ЖЖМ) қам&shy;та&shy;масыз ету мәсе&shy;ле&shy;&shy;лері бойынша кеңес өткізілді.</p>

Жанар-жағармай тапшылығының алдын алу шарасы

Жиында жанар-жағармай нары­ғындағы ағымдағы жағдай қаралып, отынды елімізден заңсыз әкетудің жолын кесу шаралары талқыланды.

Энергетика министрлігі өкілі­нің баяндамасында еліміздегі баға­­ның көршілес мемлекеттермен дис­паритетіне байланысты ЖЖМ ағын­дары мен «жасырын» экс­порт­ын­ың қаупі бар екені атап өтілді.

Ішкі нарықта тапшылықты бол­дырмау мақсатында ҚМА, ҰҚК ШҚ, ҚМ МКК және басқа да мүд­делі мем­ле­кет­т­ік органдармен бірлесіп шекара­лық өт­кел­­дерде жанар-жағармай әкетуді ба­­қы­­лау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Премьер-министрдің бірінші орын­басары Энергетика министр­лігіне мүд­делі мемлекеттік органдармен бірле­­сіп шетел жүк көліктері үшін шекара ма­ңындағы АЖС-ға сараланған баға­ларды белгілеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Бөлісу:
Жанар-жағармай тапшылығының алдын алу шарасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар