Қазақстан
1 мин оқу 220

Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері ашылды

<p style="text-align: justify;">Қосымша рейстерді енгізу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты қабылданды. Жолаушылар арасында аталған бағыт бойынша сұраныстың артқаны байқалып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері ашылды

«9 сәуірде Air Astana әуе компаниясы KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін Алматыдан Атырауға және кері қарай Airbus A321 ұшағымен орындайды. Ұшақтың сыйымдылығы - 179 орын. Алматыдан Атырауға ұшатын рейс сағат 17:00-де орындалады. Кері рейс сағат 21:15-те болады», делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Әуе билеттерін авиакомпанияның сайтында, Air Astana қосымшасында немесе брондау және ақпарат орталығынан сатып алуға болады.

Сондай-ақ «Air Astana» әуе компаниясы гуманитарлық көмекті тегін тасымалдайтынын қоса хабарлады. 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу: