Қоғам
1 мин оқу 100

Батыста зардап шеккен 481 отбасы біржолғы төлем алды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 481 отбасына 89 млн теңгеге біржолғы төлем аударылды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Батыста зардап шеккен 481 отбасы біржолғы төлем алды

Облыста су тасқыны кезеңі басталғалы бері 3 700-ге жуық тұрғын эвакуациялық орталықтарға жеткізілді, олардың 2 700-ге жуығы өз үйлеріне оралды.

«Қазір облыс тұрғындарына келтірілген материалдық шығынды есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстар шеңберінде 581 тұрғын үйдің 236-сына техникалық тексеру жүргізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Су тасқынынан зардап шеккен 481 отбасына 89 млн теңгеге бірреттік төлем берілді», дейді вице-премьер.

Вице-премьер алдағы уақытта төлемдер жалғасатынын айтты.

Осы орайда Нұрлан Байбазаров су тасқынының екінші кезеңі тұрғындарға қиындық туғызбау қажет екенін айтты.

Бөлісу:
Батыста зардап шеккен 481 отбасы біржолғы төлем алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар