«Таза Қазақстан»
1 мин оқу 1,370

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 8 сәуірде еліміздің жастар ресурстық орталықтары мен ұйымдарының бастамасымен &laquo;Таза Қазақстан&raquo; республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылады және оның&nbsp; әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.</p>

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды

Сәуірдің 13-іне дейін өтетін алғашқы апталықтың атауы - «Таза өлке».

Апталық барысында елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартады.

20 сәуірге дейінгі апталық «Киелі мекен» деп аталады. Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады.

Сәуір айының 27-сіне дейін «Жасыл аймақ» тақырыбымен өтетін апталық ағаш көшеттерін отырғызу, көшеттерді әктеумен ерекшеленеді.

4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталып, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

«Мөлдір бұлақ» деп аталатын соңғы, бесінші аптада су қоймаларының айналасы, өзен-көлдер қоқыстан тазартылады.

Акцияға еліміздің барлық өңірлері қатысып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде қайырымдылық және мәдени іс-шаралар өтеді.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу:
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар