Қоғам
1 мин оқу 180

3 412 үй су астында қалды – ТЖМ өкілі

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Аазаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны салдарынан қанша үй су астында қалғаны туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

3 412 үй су астында қалды – ТЖМ өкілі

Азаматтық қорғаныс қызметтері 76 мыңға жуық адамды, оның ішінде 30 мыңға жуық баланы және 45 мүмкіндігі шектеулі азаматты қауіпсіз орынға жеткізген.

Оның айтуынша, уақытша паналау бекеттеріне 7 703 адам, оның ішінде 3 266 бала орналастырылған. Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері құтқару жұмысын әлі жүргізіп жатыр.

«7 млн 828 мыңнан астам текше метр еріген қар суы шығарылды. 1090-нан астам құмқап пен 996,1 мыңнан астам тонна инертті материал төселді», деді ол.

Ерасыл Сайпаштың мәліметінше, тасқыннан құтқару жұмыстарына 16 мыңға жуық адам, 3 мыңға жуық техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылған.

«Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 3 412 жеке тұрғын үй, 421 аула және 1 926 саяжай үйі су астында қалды», деді ТЖМ офицері.

Бөлісу:
3 412 үй су астында қалды – ТЖМ өкілі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар