Алматы
1 мин оқу 121

PISA: Жаттықтырушыны шыңдау

<p style="text-align: justify;">Биылғы сәуірден бастап Алматыда &laquo;Cambridge Inter&shy;national&raquo; компаниясының математика және нақты ғы&shy;лымдар бойынша Азиядағы серіктесі &laquo;Marshall Caven&shy;dish&raquo;-пен бірлескен білім беру бағдарламасы жү&shy;зеге асады.</p>

PISA: Жаттықтырушыны шыңдау

Жақында Мемлекет бас­шы­сының қабылдауында бол­ған қала әкімі Ерболат Досаев осы жылдың мамыр-желтоқ­сан айлары аралығында ЭЫДҰ стан­дартын қолданып, 50 PISA жаттықтырушысы оқы­тылатынын, ал қыркүйектен бастап 14 PISA құзыретті­лік ор­­та­лықтарында «School Excellence Model» енгізілеті­нін мә­лімдеді. Ал алдағы оқу жылы­нан бастап қаладағы бар­лық мемлекеттік мектепте «PISA Artificial Intelligence» платформасы жұмыс істейді.

Сингапур – Marshall Caven­dish – PISA көрсеткішін жақ­сарту үшін қажет. Бұл халық­аралық тестілеу әртүрлі ел­дегі оқушылардың функ­ционалдық сауаты мен теориялық білімін тәжірибе­де қолдана білуін бағалауға мүм­кіндік беретін жаңаша білім беру әдісі.

Қазақстан PISA-2022 ха­лық­аралық зерттеуінің қоры­тын­дысы бойынша математика және жаратылыстану ғылымдары көр­сеткіші бойынша 50 елдің қа­тарына енді. Осы рей­тингте Алматы қаласы оқу­шылары «математикалық сауат­тылық» және «жаратылыстану сауаттылығы» бағыттары бо­йын­ша басқа өңірлерімен салыс­тырғанда жоғары көрсеткішке ие болды. Олар математикалық сауаттылықтан – 453, ғылыми-жа­раты­лыстану сауаттылығы бойынша – 458, оқу сауаттылығы тұр­ғысынан 423 балды құрап, жалпы рейтингте 3 орынға ие болды.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
PISA: Жаттықтырушыны шыңдау · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар