Ауа райы
1 мин оқу 174

Жаңбыр жауып, жел соғады: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан синоптиктері 11-13 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңбыр жауып, жел соғады: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

Болжам бойынша, ел аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады.

«11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республиканың басым бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар байқалмайтыны қоса хабарланды. Тек елдің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендейді.

Бөлісу:
Жаңбыр жауып, жел соғады: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар