«Хабар» телеарнасының директоры тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Белгілі журналист Жайнагүл Төлеміс «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Жайнагүл Төлеміс 1984 жылы 8 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылында дүниеге келген. Бек Сүлейменов атындағы орта мектептің түлегі.
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика мамандығын бітірген, осы университеттің PhD докторанты.
Колумбия өнер және ғылым колледжінің «Медиа және коммуникациялық зерттеулер» мамандығы бойынша түлегі. Американың Джордж Вашингтон университетінің Медиа және саяси стратегиялық коммуникациялар факультетін бітірген.