Дәстүр
2 мин оқу 270

Дәстүрді дәріптеген әжелер

<p style="text-align: justify;">Өнер &ndash; халықты эстетикалық мәдениет пен адамгершілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Кез келген ел өнерімен бағаланып, қастерленеді десек, қателеспейміз. Музей жұмысы өткен мен бүгінді байланыстырушы алтын көпір іспеттес. Жақында &laquo;Алматы облысы музейлер бірлестігіне&raquo; қарасты &laquo;Анаға құрмет&raquo; музейінің ұйымдастыруымен &laquo;Дәстүрді дәріптеген әжелер&raquo; атты аудандық әжелер байқауы болып өтті.</p>

Дәстүрді дәріптеген әжелер

Іс-шараның мақсаты – елі­міз­дің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ардагер аналарымыздың қоғамдағы беделін көтеру, оларға қолдау көрсету. Ша­рағ­а Қарасай ауданынан – 3, Жамбыл ауданынан – 1, Алматы қаласынан 1 әжелер ансамблі қатысып, бақ сынады. Әр ауыл­дың намысын арқалап кел­ген әжелер тамылжыта ән шыр­қап, көпшілікті тамсан­дырды. Аудандық әжелер ансамблінің байқауы «Алматы облы­сы музейлер бірлестігінің» бас­шысы Ержан Тоқтарұлының құт­тық­тауымен ашылды.

– Иә, ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ал ұлттың алтын қоры – ана мен бала. Сондықтан бұл байқауды көпке үлгі деп білемін. Өйткені әжелер салған дана жолда ұрпақтар өседі, жақсы тәлім-тәрбие алады, – деді бірлестік басшысы.

сми

Байқау ережесі үш кезеңнен тұрды. «Өнерлі неткен әже­лер» атты алғашқы кезеңде қатысу­шылар өз өнерлерін көрсетсе, «Бесік жыры – басты жыр» деп аталатын екінші кезеңде заманауи немесе өздері шығарған бесік жырын әуелете шырқады. Ал «Ұмыт болған ұлттық салт-дәс­түрлер» кезеңінде ұмытыла бас­таған салт-жоралғыларымыз бойынша көрініс көрсетілді. Сонымен қатар әндер түрлі му­зы­калық аспаптардың сүйе­мел­деуімен жанды дауыста орындалды. Ән бүкіл сана-се­зіміңді баурап алып жеткізе алатын құдіретті қасиетке ие. Ал әжелердің салған әндерінің мақамы да, мазмұны да мүлдем бөлек болды. Бұлбұлдай сайрап, гүлдей құлпырған ақ жау­лықтылар сахнаның сәнін кел­тірді. Ансамбльдің құрамы 10-12 адамнан кем болмады. Қатысушы әжелердің жас ерекшелігі 65 жас­тан жоғары болғаны ескерілді. Әжелер байқауының өткізілуіне бас­тама­шы болған, басты ұйым­дас­тырушысы – «Анаға құрмет» музейінің меңгерушісі Гүлнар Бақытқалиқызы.

Байқауға «Анаға құрмет» му­зейінің ұйымдастырушысы, профессор, ардақты ұстаз Бақыт Шпек­­паева, ардагер журналист, киелі кимешекті насихаттаушы Ар­шагүл Тойбаева, ұстаз Зәуре На­­ки­пова, «Алматы облысы му­зей­­лер бірлестігінің» басшысы Ер­­жан Тоқтарұлы төрелік етіп, әже­­лер­ге ыстық ықыласын біл­дірді.

Байқаудың нәтижесінде бас жүлдені Райымбек ауылдық окру­гінің «Дариға дәурен» әже­лер ансамблі алса, 1-орынды Үм­бетәлі ауылының «Бөпе­жан» әжелер ансамблі иелен­ді. 2-орынға Шамалған ауыл­дық округінің «Ақ әжелер» ансамблі лайық деп танылса, үздік үш­тіктен Елтай ауылдық округінің «Асыл әжелер» ансамблі кө­рінді. Күлиман ана атындағы ар­найы жүлде «Алматы қала­сының белсенді өмір сүру орталығының» әжелеріне бұйыр­ды. Осылайша, байқауда әжелер әуенді әндерді нақышына келтіре орындап, саз өнерінің иірімін ұш­тастырды. Болашаққа ұлттық құн­дылықтарымызды сырын бұз­бай жеткізу дәл осындай шаралар­дан бастау алады.

Ақерке АМАНТАЙ,

«Анаға құрмет» музейінің ғылыми қызметкері 

Бөлісу: