Спорт
1 мин оқу 152

Головкин чемпиондықтан неге бас тартты?

<p>Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) бұрынғы промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының барлық титулдарынан неге бас тартқанын түсіндірді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Головкин чемпиондықтан неге бас тартты?

Vesti.kz жазғандай, былтыр Головкин орта салмақта IBF және WBA титулдарын босатып, Эскива Фалькао мен Эрисланди Лараға қарсы міндетті жекпе-жектерден бас тартқан еді.

- Мұның мәнісі қалмады. Геннадий карьерасында биікке жетті. Ол титулын талай қорғады: Лондондағы O2 Arena шаршы алаңында Келл Брукпен айқаста ине шанжар жер болмады, 2022-де Риота Муратамен шыққанда Saitama Arena-да барлық билет сатылды. Монакодағы тамаша кешті айтуға болады, Мартин Мюрреймен жекпе-жегін тамашалауға ханзада Альбер мен ханшайым Шарлен рингсайдта болған. GGG бокста мақсатының бәріне жетті деп ойлаймын, - деп береді Леффлердің сөзін Boxingscene.com.

Бөлісу:
Головкин чемпиондықтан неге бас тартты? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар