Ауа райы
1 мин оқу 1,892

Су тасқынының екінші толқыны үш өңірде күтіледі – Қазгидромет

<p style="text-align: justify;">14 сәуірде &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ның баспасөз хатшысы Алина Ісмағұлова су тасқынының екінші толқыны үш өңірде, атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы және Атырау облысында күтілетінін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Су тасқынының екінші толқыны үш өңірде күтіледі – Қазгидромет

Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында, Батыс Қазақстан облысының аумағында, Атырау облысының аумағында су тасқынының екінші толқынының жүру қаупі бар. 

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі жазық өзендерден кейін өтеді. Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны шыңдары өтіп жатыр, бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасуда», деді А. Ісмағұлова.

Бөлісу:
Су тасқынының екінші толқыны үш өңірде күтіледі – Қазгидромет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар