Қоғам
1 мин оқу 710
Боксшы Канело еліміздегі су тасқынына алаңдаушылық білдірді
<p style="text-align: justify;">Қазақстандағы су тасқынына алаңдайтындардың қатарында боксшы Канело да бар, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Мексикалық боксшы өзінің алаңдаушылығы туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.
«Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау және Орал, біз сіздермен біргеміз» деп жазды танымал боксшы.
Айта кетейік, «Канело» - орта салмақтағы әлем чемпионы. Ол келесі жекпе-жегін 5 мамырда мексикалық боксшы Хайме Мунгуиаға қарсы өткізеді. Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.
Бөлісу: