Қазақстанда күн райы 30 градусқа дейін жылиды
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, 16-18 сәуір аралығында Қазақстанда күн райы 30 градусқа дейін жылиды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады.
Осыған байланысты жаңбыр жауады, түнде республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, 16 сәуір күндіз еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстік-батысында күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың кей өңірлерінде екпінді жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз найзағай ойнайды.
«Алдағы 3 күнде термометрде температура тұрақты болмайды. Батыс, оңтүстік аймақта күндіз 22-30 градусқа дейін, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта 15-25 градусқа дейін күн жылиды. Тек елдің шығысында түнде және күндіз ауа температурасы тұрақты болмайды», делінген хабарламада.