Аймақтар
1 мин оқу 190

Павлодарда кісі өлтіріп, сотталған адам 5 жыл бойы балабақшада жұмыс істеген

<p>Павлодар облысы Железин ауданының балабақшалары мен мектептерінде ауыр қылмыстары үшін сотталған адамдар жұмыс істеген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда кісі өлтіріп, сотталған адам 5 жыл бойы балабақшада жұмыс істеген

Железин ауданында жүргізілген прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызмет еткені анықталды.

Мысалы, балабақшалардың бірінде кісі өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.

- Бірнеше білім беру мекемесінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды. Мұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған. Железин аудандық прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылып, басшылары тәртіптік жазаға тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокурорлардың сөзінше, жалпы 500-ден астам кәмелетке толмаған азаматтың құқығы қорғалған.

Бөлісу:
Павлодарда кісі өлтіріп, сотталған адам 5 жыл бойы балабақшада жұмыс істеген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар