Жамбыл облысында жүкті келіншек ауруханада суицид жасады
<p style="text-align: justify;">Оқиға 10 сәуір күні Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында болды. Ақпаратты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аяғы ауыр келіншек жүктіліктің он алтыншы аптасында болған.
«Жүкті әйел жалған толғақ диагнозымен ОПС бақылауында болып, тиісті ем алып жатқан. Оның бойынан психологиялық ауытқулар байқалмаған. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Құқық қорғау органдары өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады», делінген ресми мәліметте.
Марқұмның артында 3 баласы қалды, олардың үлкені 6 жаста болса, екеуі балабақшаға барады.
Полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ал кешенді сараптаманы облыстық сот сараптамасы институтының мамандары жүргізеді.