Қоғам
1 мин оқу 90

Жалпыға ортақ іс

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының тұрғындары &laquo;Таза Қазақстан&raquo; республи&shy;калық экологиялық акциясына белсене қатысып, өңір әкімінің қолдауымен жаға&shy;жайларды, саябақтар мен гүлбақтарды тазалауға білек сыбана кірісті. Мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардың қыз&shy;меткерлері бастамаға бір кісідей атса&shy;лысып, өңірдегі экология&shy;лық жағдайды жақсартуда бірлігін көрсете білді.</p>

Жалпыға ортақ іс

Сенбілік барысын­да Қонаев қаласы­ның саябақ аймағында мың­­ға жуық ағаш көшеті отыр­ғызылды. «Таза Қазақстан» рес­публикалық акциясына 300 мың­нан аса адам қатысты. Атап айт­қанда, облыстың 250 мыңға жуық тұрғыны мен жергілікті атқарушы және орталық мем­лекеттік органдардан 18 700, кәсіпорындар мен ұйымдардан 28 мың адам қоршаған ортаға жанашырлығын танытты. Нәти­жесінде, жарты күннің ішінде өңірде 20 мың тоннаға жуық қоқыс сыртқа шы­ғарылды. Таза­лық акциясы аясында аулаларды қалпына келтіру, сырлау жұмыс­тары жүргізілді.

«Облыстың әрбір тұрғынын осындай ауқымды акцияға қа­тысуға, өңіріміздің таза­лы­ғы­на өз үлесін қосуға шақы­ра­мын. Айналаның таза болуы – адамзаттың, өсіріп отырған ұрпағымыздың саулығы екенін ұмытпайық», деген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өзі де қо­лына күрек ұстап, ағаш отыр­ғызды.

Сенбілік барысында өңір басшысы 4 және 7-саяжай алап­тарының тұрғындарымен кездесті. Газ және сумен жабдықтау, жол­дарды жөндеу мәселелерін көтер­ген тұрғындардың тілегін тың­дады. Саяжай тұрғындары облыс әкіміне атқарылып жатқан тиімді жұмысы, халыққа ашықтығы мен жақындығы үшін алғыс біл­дірді. Кездесу барысында жер учаскелеріне, көлікке, мектептер мен балабақшаларға қатысты мәселелер көтерілді. Барлығын мұқият тыңдаған Марат Елеу­сіз­ұлы тұрғындарға нақты түсі­ніктеме берді.

Көшет егуге келер болсақ, облыстағы елді мекендерде 32,5 гек­тарды құрайтын аумаққа жалпы саны 13 700 тал ағаш отыр­ғызылды.

Алматы облысы 

Бөлісу: