Ғылым
2 мин оқу 211

Жаңа бағдарламамен Кореяға барады

<p style="text-align: justify;">Отандық ға&shy;лым&shy;&shy;дар&shy; &laquo;500 ға&shy;лым&raquo; бағдар&shy;ла&shy;ма&shy;&shy;с&shy;ы&shy;мен Оң&shy;түс&shy;&shy;&shy;тік Корея&shy;&shy;да тағы&shy;лым&shy;да&shy;ма&shy;дан өте алады. Бұл туралы Ғылым және жоға&shy;ры білім министрлігі хабарлады.</p>

Жаңа бағдарламамен Кореяға барады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Сеул Ұлт­тық ғылым және технологиялар университетінің (Seoultech) президенті Дон Хван Ким «500 ғалым» бағдарламасы аясында ынты­мақ­тастықты кеңейтуге келісті. Жақында болған екі елдің өкіл­де­рінің кездесуінде тараптар еліміздегі жоғары білім және ғылым саласында болып жатқан оң өзгерістерді талқылады. Атап айтқанда, министр С.Нұрбек Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орын­дары филиалдарының сәтті ашылып жатқаны, Қазақ­станды Орталық Азиядағы акаде­миялық хаб ретінде дамыту бойын­ша жүргізіліп жатқан саясат туралы хабардар етті. Өз кезегінде университет президенті Дон Хван Ким Seoultech-ті әлемнің үздік уни­верситеттерінің тізіміне енгі­зуді жос­парлап отырғанын жеткізді.

Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек Қазақстанда Seoultech филиалын ашудың артық­шылықтарына назар аудар­ды. Мәселен, еліміздің стра­тегиялық жағдайы, елдер ара­сындағы түрлі салада­ғы бір­қатар ұзақмерзімді әріптес­тік, корей жоғары оқу орын­дары­ның басқа да филиалдарын ашу тәжірибесі, пайдалы қазбалар мен биотехнология, ғарыш саласында бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндігі, олар бойынша еліміздің жинақталған базасы және табиғи минералдар мен жер қой­науының үлкен қоры бар. Министрдің пікірінше, мұның бәрі өзекті бірлескен зерттеулер жүргізуге ғана емес, сонымен қатар әлемдік ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосуға көмектеседі.

Сондай-ақ тараптар «Бола­шақ»­ халықаралық сти­пендиясы мен «500 ғалым» ғы­лыми та­ғы­лым­дамадан өту бағ­дар­­ламасы ая­сындағы ынты­мақ­тас­­тықты ке­ңей­ту мәселелерін тал­­­қылады. Та­рап­тар бірлескен жұ­­­мысты қос дипломдық бағдар­ла­­мадан бастауға келісті.

Бөлісу:
Жаңа бағдарламамен Кореяға барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар