9 адамды алдап соққан нотариустың қылмысы әшкереленді
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында қызмет көрсеткен «А» есімді жеке нотариус жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың осал жағдайын өз пайдасына қолданып, несие немесе кепіл шартын жасаудың орнына сатып алу-сату шартын куәландырғаны белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық прокуратура алаяқтықпен айналысқан жеке нотариус пен сыбайластарының жымысқы әрекетін әшкереледі.
Олар үшінші тұлғаларға меншік құқығын бекітіп, Шымкент қаласының әділет органдарына тіркеу туралы келісімді заңсыз жіберген.
Айыпталушылар заңсыз әрекеттері арқылы 9 жәбірленушіге 47 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.
Сот алаяқтық фактісі бойынша нотариусты 4 жылға соттады. Ал оның сыбайластары 3 жылға және 3 жыл 9 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.