Қоғам
1 мин оқу 1,620
Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамыр айындағы мереке күндері бойынша демалыс күнін ауыстыру жобасын жариялады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Министрлік 2024 жылдың 4 мамыр, сенбідегі демалыс күнін 8 мамырға ауыстыруды ұсынды.
Осылайша 4 мамыр жұмыс күні болса, 7,8, 9 мамыр қатарынан үш күн демалыс болмақ.
7 мамырда - Қазақстан қарулы күштерінің күні тойланса, 9 мамыр - Жеңіс күні атап өтіледі.
Ел азаматтары ұсынысты 25 сәуірге дейін талқылап, Ашық НҚА порталында пікір білдіре алады.
Бөлісу: