Аймақтар
2 мин оқу 100

Көкшетаулықтардың қуанышы

<p style="text-align: justify;">Көкшетауда су тасқы&shy;нынан зардап шеккен тұр&shy;ғындарға пәтер кілті тапсырылды. Салтанат&shy;ты іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қаты&shy;сып, мемлекет залалды азайту&shy;ға қолдан келетін барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті.</p>

Көкшетаулықтардың қуанышы

– Өңірде Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасымен тұр­ғын­дардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ететін ауқымды іс-шаралар қолға алын­ды. Тұрғындардың өтінішін елеп-ескереміз. Бүгін пәтер алған отбасыларға амандық, саулық тілеймін. Табиғи апаттардан аман болайық. Барлық қиын­дық артта қалсын, – деді М.Ахметжанов.

Мемлекеттік қордан алғаш­қы тұрғын үй алғандардың қата­рында көпбалалы Қапаров, Никулиндер отбасы болды. Жаңа үй тұрғындардың көңілінен шыққан. Өйткені пәтерді өздері таңдаған. Онда тұрмыста қажетті керек-жарақтың бәрі бар екен.

– Президент тапсырмасымен жергілікті әкімдік біздің мәселемізді көп күттірмей-ақ шешті. Табиғи апат айтып кел­мейді ғой. Мұндай жағдайда мем­лекет көмектеседі деп сен­генімізбен, бұлай жылдам үйлі боламыз деп ойламадық. Отбасымыз үшін бүгін үлкен қуаныш. Бала­лар дән риза. Елде ахуал тұрақ­талған соң, өзге өңір­лерде де біз секілді оқыс жағ­дайға тап бол­ған тұрғын­дар­ға мемлекет көмек­теседі деп сене­міз, – деді Сәуле Қапарова ағынан жарылып.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақмола облысында тасқыннан зардап шеккендерді қолдап, тұрғындардың мүлкін қалпы­на келтіру бойынша тиісті іс-шаралар қолға алынған. Яғни өңірде шығындарды өтеу тұр­ғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнама шең­берінде жалғасады. Бірер күн бұрын облыс орталығындағы 174 отбасы жалпы сомасы 65 млн теңге шамасында біржолғы төлем алған. Сондай-ақ материалдық шығындарды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 12 отбасының 8 млн теңге көлемінде материалдық шығынын өтеу туралы шешім шығарған. Нақ қазір арнайы комиссия облыстағы өзге де тұрғын үйлердің жай-күйін бағалап, шығынды нақтылау үшін техникалық тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Бөлісу:
Көкшетаулықтардың қуанышы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар