Сенат
1 мин оқу 113

Құқықтық қолдауға қатысты құжат

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығына қатысты заң талқыланды.</p>

Құқықтық қолдауға қатысты құжат

Заңның міндеті – екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиім­ділігін арттыру, сондай-ақ аза­мат­тық және қылмыстық істер бойын­ша құқықтық көмек көр­сету мәселелері бойынша ынты­мақтастықты дамыту.

Құжатта Қазақстан Рес­пуб­ликасының аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтініштерін орындау саласында құқықтық көмек көрсету жөніндегі сот органдарының функцияларын нақтылау, сондай-ақ екі тараптың құзыретті мекемелеріне басымдық беру көзделген.

Депутаттар отырыс қоры­тын­дысы бойынша «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Рес­публикасы мен Қытай Халық Рес­публикасы арасындағы Аза­маттық және қылмыстық іс­тер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратифи­кациялау туралы» заңды Пала­таның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Құқықтық қолдауға қатысты құжат · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар