Кино
2 мин оқу 140

«Қанышпен» қауышу

<p style="text-align: justify;">Елордада көрнекті геолог-академик Қаныш Сәтбаев туралы толықметрлі фильмнің арнайы көрсетілімі өтті. Көркем туындыда ғалымның өмірі мен еңбек жолы баяндалады. Сонымен қатар ел басына күн туған нәубет кездеріндегі азаматтық бейнесі көрсетіледі. &laquo;Қазақстан&raquo; телерадиокорпорациясы түсірген &laquo;Қаныш. Қазына&raquo; телехикаясының негізіндегі толықметрлі фильмді, енді еліміздің барлық кино&shy;театрынан тамашалауға болады.</p>

«Қанышпен» қауышу

Көрсетілімнің алғаш­қы құт­­тық­тау сөзін Мәде­ниет және ақпа­рат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейіто­ва жеткізді. Бұған қоса, мемлекет тарапынан алдағы елуден аса ірі мәдени жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын айтты. «Қаныш» тарихи фильмі де осы ауқымды іс-шаралардың – бірі.

Фильм режиссері Ерлан Нұр­мұ­хамедовтің айтуынша, басты рөлді ойнайтын актерді таң­дау оңайға соқпаған. «Қаныш сан қырлы тұлға. Оның ғалым­ды­ғы­мен қатар шешендігі, әншілігі де – бір төбе. Ал тарихи, әдеби мұра­мызға қосқан үлесі орасан. Сондықтан біз де Сәтбаев сәуле­­лерін жан-жақты көрсететін актер­ді іздедік. Әсет Есжан – біз­дің ең сәтті таңдауымыз», деді ол.

«Қанышты сомдау – маған жауап­­кер­шілік жүктеді. Алып тұл­ға­ны мемлекеттік қайрат­кер,­ көр­некті ғалым деп таны­­ға­­нымен, оны ең әуелі ұлтын шексіз сүйген қазақтың пер­зенті етіп көрсеткім келді. Осы орайда Қаныш туралы қисап­сыз еңбек қалдырған жазушы Медеу Сәрсеке ағамыздың рухына тағзым етеміз», дейді Әсет Есжан.

Фильм продюссері Айгүл Байбек көркем туындының жас буынға игі әсерін айта келіп, қоғам­ның жақсылыққа бет бұры­сына ықпал ететі­нін жеткізді. Бұған қоса тари­хи фильмді қар­жы­лай қол­да­ған демеушілерге риза­шы­лы­ғын білдірді. Айта кете­йік, ­сериал мен фильмді жа­­сауға «Eurasian Resources Group» пен «Қазақмыс» холдингі қар­­­жы­­лық қолдау көрсеткен бола­­тын.

Бұған дейін көркем туын­ды бірнеше халықаралық бай­қау­­да жеңімпаз атанған. Атап айтсақ, 2022 жылы Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен фес­тивальда «Үздік фильм» жүл­­­десін жеңіп алса, былтыр «Үздік азия­лық көркем фильм», «Үздік кон­цепция», «Қоршаған орта туралы үздік көркем фильм»­ сынды үш бірдей ата­лым­мен марапатталды.

Бөлісу:
«Қанышпен» қауышу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар