Білім
1 мин оқу 140

Астана мектептеріндегі теракт: полицейлер үндеу жолдады

<p style="text-align: justify;">Telegram мессенджерінде Астана мектептерінде жаппай терроризм ұйымдастырылатыны туралы хабарлама тарап жатыр. Осыған байланысты қалалық полиция басқармасы мәлімдеме жасады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана мектептеріндегі теракт: полицейлер үндеу жолдады

Басқарма ата-аналарды дүрбелеңге салынбауға шақырды. 

«Мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Құзырлы органдар білім беру ұйымдарын тексерді», деді қалалық ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Данияр Шымырқұлов.

Мамандар тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрап, көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бөлісу:
Астана мектептеріндегі теракт: полицейлер үндеу жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар