Оқиға
1 мин оқу 180
Өскеменде 94 млн теңге ұрлаған екі күдікті ұсталды
<p style="text-align: justify;">Өскеменде белгісіз біреулер кеңседегі сейфті бұзып, 94 млн теңге ұрлап кеткен. Бұл туралы жәбірленушілер 5 сәуір күні қалалық полиция қызметкерлеріне хабарлаған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Қашу жолын алдын ала ойластырған күдіктілердің өзенге жетіп, үрлемелі қайықпен қаланың басқа аумағына өтіп кеткені анықталды.
Бірнеше күннен кейін полицейлер 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстап, қамауға алған.
«Ұсталғандардың тұрғылықты жерінен қайық пен ұрланған ақша табылды. Қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Бөлісу: