Ауа райы
1 мин оқу 224
Алдағы аптада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК алдағы аптада еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын болатынын ескертті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Синоптиктердің мәліметінше, 20-26 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады әрі жауын-шашын күтіледі.
«Аптаның басында және ортасында Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жаууы ықтимал. Аптаның соңында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнде қар аралас жаңбыр жауады. 23, 25 сәуір күндері Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында нөсер жауын болуы ықтимал», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Бөлісу: