Спорт
1 мин оқу 230
Қоржынға Париж Олимпиадасының 43-інші жолдамасы түсті
<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етуінше, ұлттық құрама спортшысы Владислав Яковлев жекелей сайыста 2 000 метрлік қашықтық бойынша топ жарып, XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына 43-інші жолдаманы жеңіп алды.
Бөлісу: