Жәдігер
1 мин оқу 260

Жүсіпбек ұстаған Құран кітап

<p style="text-align: justify;">Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Жүсіпбек Аймауытұлы ұстаған Құран кітап сақтаулы тұр. Жәдігерді заманында Баянауылдағы Әбілдә хазірет өзге діни кітаптармен бірге Бұқарадан керуен тарттырып алдырған екен.</p>

Жүсіпбек ұстаған Құран кітап

Жүсіпбек туған қасиетті ме­кен ежелден «Әулиелі Қы­зыл­тау» деп аталады. Ау­мақта өлкетанушыларды қызық­тырып отырған тарихи ме­кен­нің бірі – шамамен ХХ ға­сырдың басында хазірет Әбіл­дә Исабекұлы салдырып, бала оқытқан мешіт-медресе орны. Бұл діни оқу орнында заманында Жүсіпбек, жазушы, атақты сатирашы Қадыр Тайшықов сауатын ашқан. Әбілдә хазірет Бұқарадан керуен тарттырып, 10 түйемен 10 мәрте барғызып, үйіп-төгіп діни кітаптар ал­дырт­қан. Сонда түйеден тү­сіріл­ген кітаптар атырапты алып жатады екен.

см

1936 жылы большевиктер медресені талқандағанда, жұрт оның ішінде қаланып тұр­ған құран кітаптардың бар­лығын Қадырдың атасы Тай­шықтың моласына апарып үйген. Тайшық атаның кесенесі биіктеу әрі үсті ағашпен жа­был­ғандықтан, кітаптар ұзақ жылдар бойы сақталып келіп­ті. Алайда кейін төбесі жанып кетіп, кітаптар бүліне бас­таған соң жергілікті азамат­тар бүтін қалғандарын үйлеріне та­сып әкеткен. Жүсіпбек ұс­та­ған құран кітаптың бі­рін өл­кетанушы Рамазан Нұр­ға­лиев аман сақтап қалып, Баян­ауылдағы Мұса мырза мешітіне тапсырыпты. Әлгі кітаптың алғашқы бетіне белгісіз біреу латын әліпбиімен медресенің өртелген уақытын жазып қал­дырған. Ж.Аймауытұлының 135 жылдығына орай тарихи жә­ді­герді Баянауыл ауданының бас имамы Саян Қожин Бұқар жырау музейіне аманат етті.

Павлодар облысы 

Бөлісу:
Жүсіпбек ұстаған Құран кітап · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар