Қоғам
1 мин оқу 240
4 облыс аумағында 8 жол бөлігі жабылды
<p style="text-align: justify;">Күн жылынып, қардың тез еруі салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында су тасқыны болып, бірнеше жол бөліктері жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының 4 автожолында жалпы ұзындығы 4 мың 300 метр болатын су тасқыны болған.
Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы - 463 км) қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 306 бірлік техника мен 411 адам жұмыс істеп жүр.
Бөлісу: