Елорда
1 мин оқу 180

Астана көшелеріне 40 жаңа автобус шығарылды

<p style="text-align: justify;">Елорда қонақтары мен тұрғындарына қызмет көрсету мақсатында қала көшелеріне 18 метрлік 40 жаңа автобус шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Астана көшелеріне 40 жаңа автобус шығарылды

Еске сала кетейік, наурыз айында CTS баспасөз қызметі елордалық қоғамдық көліктердің жылжымалы құрамы 40 жаңа автобуспен толығатынын хабарлаған еді.

«Жаңа 40 автобус Астана жолдарына шығуға дайын. Олар №44, 10, 9, 7 бағдарларына жіберілді. Оның ішінде 16 автобус №44 бағдарға жіберіліп, бағдардың жылжымалы құрамы толықтай 18 метрлік автобустарға ауыстырылды. 14 автобус №7 бағдарға жіберілсе, қалған автобустар №9 және №10 бағдарларына бөлінді», делінген CTS баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Астана көшелеріне 40 жаңа автобус шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар