Қоғам
1 мин оқу 180
Су тасқыны: тағы бірнеше жол учаскесі жабылды
<p style="text-align: justify;">«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде су тасқыны болғанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нақты айтқанда, СҚО және Қостанай облысындағы 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болды.
Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы 463 км) қозғалыс шектелді.
Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмыс істеп жүр.
Бөлісу: