Оқиға
1 мин оқу 210
Петропавл тұрғынының үстіне қабырға құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласында жеке үйді бұзу барысында 49 жастағы ер адамның үстіне қабырға құлаған. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қайғылы оқиға кеше, 23 сәуір күні болған. Полиция қызметкерлері Партизанская көшесінде болған жазатайым оқиға туралы сағат 15:00-де хабар алған.
«Ол оқиға орнында қаза болды», делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Ведомствоның баспасөз хатшысы аталған дерек «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілгенін қоса хабарлады.
Бөлісу: