Аймақтар
1 мин оқу 180

Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

<div class="description" style="text-align: justify;">Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Ведомствоның хабарлауынша, заңсыз әрекет «Кедергісіз қала» пилоттық жобасын іске асыру барысында анықталған.

«Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде 22 сәуірде Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасаған бірнеше азамат ұсталды», деп хабарлады облыстық прокуратура өкілдері.

Полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Бөлісу:
Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар