«Қазақстан - қызғалдақтар отаны» атты іс-шара өтті
<p style="text-align: justify;">«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Боралдай филиалында «Қазақстан-қызғалдақтар отаны» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған табиғи парктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданына келуші туристер мен мектеп оқушыларына табиғатты қорғау туралы үн-парақтар таратылған.

Экологиялық мәдениетті дамыту және құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында өткізілген іс-шараға 150 адам қатысып, 250 үн парақ таратылған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабында қызғалдақтарды заңсыз жұлғаны үшін, айыппұл немесе қоғамдық түзету жұмыстарына тарту қарастырылғанын айта кету керек.
