Футбол
1 мин оқу 144

Үлкен футболға апарар жол

<p style="text-align: justify;">Жақында Жаңаөзен қаласында ашық футболдан алғаш рет жарыс өтіп, Маңғыстаудың &laquo;Каспий&raquo; футбол клубы жеңіске жеткенін хабардар еткен едік. Ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың футболға деген қызығушылығы, &laquo;Каспий&raquo; футбол клубына деген ықыласы Қарақия ауданының Жетібай аулында аталған клуб филиалының ашылуына негіз болды.</p>

Үлкен футболға апарар жол

Бұл – өңір аудандары арасында алғаш ауданда ашылған филиал. Аудандағы футбол спортын одан әрі дамыту, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ашылған клубта 2013–2015 жылы туған жеті­байлық жасөспірімдерден құ­ралған 3 топ жаттығу жұмыс­тарын бастап кетті. Алдағы уақытта спорттық нормативтерді сәтті тапсырған оқушылар кәсі­би құрамға алынып, Ақтау қала­сына ауыстырылады.

«Үлкен үйге не керек – кіші үйге де сол керек» дегендей, филиалға қажетті құралдар мен спорттық киімдерді «Каспий» фут­бол клубы қамтамасыз етеді. Ал қатысушылар үшін фи­лиал есігі ашық, яғни тегін. Сон­дай-ақ футбол спортына қы­зығып, клубқа тіркелгендер саны көбейсе, қосымша топтар ашу жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Үлкен футболға апарар жол · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар