Есірткі
1 мин оқу 183

Алматы тұрғынының үйінен есірткі қоймасы анықталды

<p style="text-align: justify;">Алматы тұрғынының пәтерінен есірткі қоймасы анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Алматы тұрғынының үйінен есірткі қоймасы анықталды

Әуезов ауданының тұрғыны пәтерінде «героин» есірткі затын қолдану үшін қойма ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді. 

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тәркіленген заттарды жойды.  

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», деді қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Бөлісу: