Жаңалықтар
1 мин оқу 310

Бразилиядағы теміржол апатынан 140 адам зардап шекті

07 01 - poezd АСТАНА. 7 қаңтар. Бразилияда болған теміржол апаты салдарынан зардап шеккендер саны 140 адамға жетті. Бұл туралы lenta.ru хабарлады. Бұған дейін екі пойыздың соқтығысуынан 69 адамның зардап шеккені туралы айтылған болатын. Оқиға Рио-де-Жанейро штатына қарасты Мескита қаласы маңында Жуселино атындағы стансада орын алған. Жолаушылар пойызы өзінің алдында тоқтап тұрған басқа пойызды соққан екен. Қазіргі уақытта теміржолда қозғалыс тоқтатылды. Куәгерлердің пікірінше, бұл оқиғада өлім-жетімнің болмауына ауа райы себеп болған көрінеді. Өйткені пойыздар ауа райының қолайсыздығына байланысты төмен жылдамдықпен жүрген екен. Жергілікті БАҚ өкілдері басында екі пойыздың да рельстен шығып кеткенін хабарлаған, алайда, кейіннен бұл ақпар жоққа шығарылды. Айдар Өрісбаев. Дерек: lenta.ru. Сурет: stv.uz.
Бөлісу:
Бразилиядағы теміржол апатынан 140 адам зардап шекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар