Саясат
1 мин оқу 100

Тиімді тәжірибе алмасу

<p style="text-align: justify;">Қазақстан, Болгария, Үндістан медиаторлары Астанада тәжірибе алмасты. Халықаралық форумға Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырмасымен гранттық жоба аясында &laquo;Халықаралық келіссөздер академиясы&raquo; қауымдастығы ұйытқы болды. Жиын &laquo;Қазіргі заманғы әлемдегі медиация&raquo; атауымен &laquo;Қазмедиа орталығында&raquo; өтті.</p>

Тиімді тәжірибе алмасу

Сарапшылардан бөлек кездесуге Сенат депутаттары, ІІМ, Конституциялық, ювеналды және Жоғарғы сот өкілдері, медиаторлар бірлестіктері ұйымдарының басшылары қатысты. Басқосуды Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова бастап:

– Медиация – өмірдің барлық салаларында азаматтар өмірінің ажырамас бөлігі. Азаматтардың өзара бейбіт өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үдерістерін жеңілдетеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жө­ніндегі уәкілетті орган ретінде қазіргі уақытта Соттан тыс медиа­ция инс­ти­тутын одан әрі дамыту тұ­жы­рымдамасын әзірлеу жөнінде жұ­мыс жүргізіп жатыр. Соған барлық медиаторларды белсенді түрде қаты­суға шақырамыз, – деді.

Форум аясында интерактивті панельдік пікірталастар, «Қазақстан – Болгария: медиацияны қолданудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбында семинарлар өтті. Онда қатысушылар екі елдегі медиация тәжірибесін егжей-тегжейлі зерделеп, идеялар мен тәжірибе алмасты. Басқосу соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ делегаттар Астананың Ювеналды сотының татуластыру орталығына және «Жанұя» отбасын қолдау орталығына барып, медиацияны сот тәжірибесінде және отбасыларды қолдау жүйесінде қолдану тетіктерімен танысты.

Бөлісу:
Тиімді тәжірибе алмасу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар