Талбесік
1 мин оқу 341

Регель қызғалдағы

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Ботаникалық бақта сирек кездесетін Регель қызғалдағы гүлдеді. Шу-Іле тауларының тасты және жартасты беткейлерінде өсетін эндемикалық гүл еліміздің Қызыл кітабына енген.</p>

Регель қызғалдағы

Регель қызғалдағы аппақ әрі күлтесінің түп жағы сарғыш түстілігімен көз тартады. Ботаникалық бақ топтамасына осыдан он жыл бұрын шамасында әкелініп, Альпинарий коллекциялық ай­мағына отырғызылған қыз­ғалдақтың жалғыз жапырағы тарақ тәрізді тарам-тарам жо­лақ­ты әрі гофрленген мата тәрізді болып келеді.

Көктем айында Ботаникалық бақта Регель қызғалдағынан басқа сирек кездесетін Леммерс, Грейг қызғалдағы, пияз түрлері мен басқа да көптеген өсімдік гүлдейді. Осыған орай жасыл-желекті бақтың ғалымдары келушілер үшін жабық коллек­циялық учаскеге экскурсиялар ұйымдастырып, табиғаттың ерекше тартуымен бөлісуді дәстүрге айналдырған.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Регель қызғалдағы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар